• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова Дүниежүзілік банк өкілдерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михнев бастаған Дүниежүзілік банк өкілдерімен және Еуропа мен Орталық Азиядағы әлеуметтік қорғау жөніндегі практика жетекшісі Паоло Беллимен кездесу өткізді. Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Светлана Жақыпова алғы сөзінде Дүниежүзілік банкке Қазақстанда түрлі жобаларды іске асырып жатқан көпжылдық ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Министр Дүниежүзілік банк өкілдерін Әлеуметтік кодекстің бекітілуі, 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты, 2024 – 2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамаларының іске асырылуы туралы баяндады, сондай-ақ әзірленіп жатқан Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы туралы хабарлады. Бұл құжат мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуына бағытталған.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Электрондық еңбек биржасын, Отбасының цифрлық картасын, Кәсіпорындардың цифрлық картасын және басқа да инновацияларды қоса алғанда, іске асырылған цифрлық шешімдерді егжей-тегжейлі көрсетті.

Дүниежүзілік банк өкілдері аталған қызметтерді жоғары бағалап, олардың өзге елдермен білім мен тәжірибе алмасу көпірі ретіндегі әлеуетін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар әлеуметтік-еңбек саласын дамытудағы ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға дайын екенін жеткізді.

  • 27.02.2024
  • 191
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика