- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова «Аманат» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтардың онлайн қабылдауын өткізді. Ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 21 адамның сұрақтары мен өтініштерін қарады.
Қазақстандықтар әлеуметтік қорғау, еңбек құқықтарын сақтау, мүгедектік тобын қайта қарау және зейнетақыны қайта есептеу мүмкіндігіне қатысты, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және т.б. мәселелер мен ұсыныстары бойынша Министрге жүгінді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдай отырып, олардың сауалдарына толыққанды жауап берді. Ол қаралуы қосымша мерзімді қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, Министрліктің тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде шешу үшін жәрдемдесу жөнінде тапсырма берді.
- 28.02.2024
- 172