• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты

Женева, 2024 жылғы 26 ақпан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 55-ші сессиясының Жоғары деңгейдегі сегментіне және БҰҰ жаһандық алаңының басқа да іс-шараларына қатысу үшін Женеваға келді. Отырысқа 100-ден астам мемлекеттердің жоғары өкілдері, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк қатысты.

ҚР СІМ басшысы өз сөзінде халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанның осы бағыттағы ұлттық құқық қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы қол жеткізген нәтижелері және алдағы басымдықтар туралы хабардар етті. Әсіресе ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларының төрт пакетін іске асыру, Конституциялық Сотты қайта құру, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілі институтын күшейтудің нәтижелері аталып өтті.

Осы орайда М. Нұртілеу халықаралық қоғамдастыққа: «Қазақстандағы демократиялық өзгерістер қайтымсыз» деген бас месседжін жариялады.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы геосаяси теке-тірестер мен өңірлік қақтығыстардың, сондай-ақ әлемде өсіп келе жатқан экономикалық белгісіздіктің күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Ол ешбір елдің мұндай дағдарыстарды жалғыз өзі жеңе алмайтынын тілге тиек етіп, осы бағытта көпжақты серіктестікті нығайтуға шақырды.

Министр Қазақстан ұлттар арасындағы диалог пен өзара түсіністікке, сондай-ақ жаһандық құқық қорғау жүйесін нығайтуға өз үлесін қосуды жалғастыратынын атап өтті.

М. Нұртілеу халықаралық қоғамдастықты қарусыздану, цифрландыру және гендерлік теңдік мәселелерінде адам құқықтарын бейбітшілік құру жөніндегі күш-жігердің негізіне қоюға шақырды.

Анықтама: Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (БҰҰ АҚЖК – UNHRC) Бас Ассамблеяның 2006 жылғы 15 наурыздағы 60/251 қарарына сәйкес құрылды және бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын жалпыға бірдей құрметтеуге және қорғауға, адам құқықтарының бұзылуына байланысты жағдайларды қарауға, сондай-ақ тиісті ұсыныстар дайындауға жауапты БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы. БҰҰ АҚЖК оның алдында жұмыс істеген БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының орнына құрылды. Кеңес құрамына 47 мүше мемлекет кіреді, олар тікелей жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен үш жылға сайланады.

  • 29.02.2024
  • 208
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика