• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан СІМ басшысы III Анталия дипломатиялық форумына қатысты

Анталия, 2023 жылғы 1-3 наурыз – Түркия Үкіметінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу III Анталия дипломатиялық форумының жұмысына қатысты. Үшінші рет өтіп жатқан іс-шараға 100-ден астам мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен сараптамалық топтардың өкілдері қатысты. Биылғы форумның басты тақырыбы «Дүрбелең кезеңіндегі дипломатияны ілгерілету».

Ашылу салтанатында Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Анталия форумы жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Түркия көшбасшысы әлемдегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайда дипломатияны жетілдіру қажеттілігіне баса назар аударды.

Форум шеңберінде М.Нұртілеу «Түркі әлемін институционализациялау: ХХІ ғасырдағы Түркі мемлекеттері ұйымы» тақырыбындағы панельдік сессияға қатысты. Аталмыш сессияның модераторы ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев болды, ал спикерлер ретінде Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов пен Түркия СІМ-нің бұрынғы басшысы, Парламенттің депутаты Мевлют Чавушоглу қатысты.

Министр М.Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның түркі әлеміндегі ерекше рөлін, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының қызметі шеңберінде интеграцияны оң дамытып келе жатқан бастамашы және Ұйымның негізін қалаушы мемлекеттердің бірі екенін атап өтті. Оған қоса ол қатысушыларды TURKTIME дәуірі ұранымен өтетін ұйымдағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтары туралы хабардар етті.

«Біздің ұйым барлық түркі елдерін біріктіреді және бірлесіп интеграциямызды нығайтудамыз. Негізгі мақсат - экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту. Біз бір-бірімізге әртүрлі салаларда әлеуетті ашуға көмектесеміз, соның ішінде көлік-логистика, цифрландыру және сауда салаларында», - деп мәлімдеді М.Нұртілеу. ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы ТМҰ блоктық құрылым емес және Ұйымда жасырын күн тәртіп жоқ екенін атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы түркі мемлекеттерінің ынтымақтастығы өзінің өміршеңдігін көрсетіп, жаңа геосаяси шындық ретінде біртұтас Түркі әлемінің пайда болуына әкелгенін атап өтті.

Панельдік сессияға қатысушылар институттандыру үдерісінен өтіп жатқан ТМҰ дамуының оң динамикасы туралы өз пікірлерін білдіріп, түркі интеграциясын одан әрі тереңдетуде ынтымақ танытты. 2022 жылы Ыстамбұлда ТМҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті барысында диалог алаңынан толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялау туралы шешім қабылданды.

  • 05.03.2024
  • 241
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика