- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Светлана Жақыпова Қазақстан әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Халықаралық әйелдер күнімен қазақстандық әйелдерді құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт пен шаттық тіледі.
«Құрметті арулар, сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін нәзік болмыс иелері отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы.
Еліміздің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласында қызмет етіп жүрген әйел азаматтар жас баладан бастап үлкендерімізге дейін қамқор болып, олардың игілігі үшін жанқиярлықпен еңбек етуде. Біздің әйел қызметкерлеріміздің парасаттылығы, төзімділігі және мейірбандығы адамдарды өмірлік қиын жағдайлардан шығаруда жәрдемдесіп, олардың өмір сапасын көтеру мен кезіккен мәселелерін оңтайлы шешудегі рөлі ерекше.
Шуақты көктем баршаңызға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлап, асқақ армандарыңыз орындала берсін! Өміріңізде жақсылық мол болып, айналаңыздағы адамдар сіздерді жан жылулығымен жадырата берсін.
Барша аруларымызға, ардақты аналарымызға, қыздарымыз бен әпке-сіңілілерімізге зор денсаулық, бақыт, шаттық пен бақ-береке тілеймін!» – делінген Светлана Жақыпованың құттықтау сөзінде.
- 07.03.2024
- 200