- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова Батыс Қазақстан облысының әкімі және активімен кездесу өткізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевпен және өңір активімен кездесу өткізді. Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру және әлеуметтік-еңбек саласын дамыту туралы баяндады.
Министр БҚО-ға жұмыс сапарын өңір басшысымен кездесуден бастады. Светлана Жақыпова мен Нариман Төреғалиев халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту, өндірістік объектілердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, ұлттық көші-қон саясатын іске асыру және т.б. мәселелерді талқылады.
Бұдан кейін Министр өңір активімен жиын өткізді, оған ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, «PARYZ» ҚР Жұмыс берушілері ұлттық конфедерациясының Бас директоры Айдос Абиханов, облыстық мәслихат өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері қатысты.
Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларының іске асырылуы туралы айтып өтті. Атап айтқанда, ол базалық зейнетақының кезең-кезеңімен ұлғаюы және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыстың артуы, Әлеуметтік кодексті іске асыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларының күшеюі, Отбасының цифрлық картасын енгізу нәтижелері туралы хабарлады.
Министр сондай-ақ Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және халықты жұмыспен қамту жөніндегі шаралар, Көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын іске асыру, ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесі туралы да айтып берді.
Сонымен қатар, Светлана Жақыпова еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарды ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалуын күшейтетін заңнамалық түзетулер және платформалық жұмыспен қамтуды реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
ЕХӘҚМ басшысы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударып, осы жылы 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленетінін атап өтті.
Сөз соңында министр жұмыс берушілер мен қызметкерлерге Электрондық еңбек биржасында берілетін мүмкіндіктерді, Отбасының цифрлық картасын, Кәсіпорындардың цифрлық картасын және басқа да инновацияларды қоса алғанда, әлеуметтік-еңбек саласындағы іске асырылған цифрлық шешімдерді толыққанды көрсетті.
Өңір активімен кездесу барысында Светлана Жақыпова әлеуметтік-еңбек саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстарын берді.
- 13.03.2024
- 150