• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Әзірбайжан тауар айналымын арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуде

Мемлекет басшысының Әзірбайжанға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сол елдің АШМ басшысы Меджнун Гадир оглы Мамедовпен кездесті. Министр сондай-ақ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы "АҚ 50% иелік ететін Баку астық терминалында болды.

Кездесуде Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық саласында өсу мен даму әлеуеті бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемін арттыру басым бағыт болып отыр.

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің екіжақты саудасының көлемі шамамен екі есеге қысқарып, шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрады. Дегенмен, биылдың өзінде Қазақстанның Әзірбайжанға экспортының құрылымында ірі қара мал, ет, құс қосалқы өнімдері секілді жаңа тауарлық позициялар пайда болды. Сонымен қатар, қос ел ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүдделі тізімдерін алмасып үлгерді. Сондықтан екі мемлекет арасындағы экспорт/импорт тауарларының санын арттыру жұмыстары жалғасады.

Министр сондай-ақ «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-на 50%-ы тиесілі Баку астық терминалында болды. Айдарбек Сапаров кәсіпорын жұмысымен танысып, оның қазақстандық астық экспортын арттыруға қосқан үлесі туралы оң пікірін білдірді.

Сонымен қатар, министр екі жақты тәртіпте ветеринарлық шектеулерді алып тастау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын айта кетті. Нәтижесінде 2023 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Әзербайжанға асыл тұқымды және союға арналған ірі қара және ұсақ малды, дайын ет өнімдерін (консервілер, шұжықтар және т.б.) экспорттау мақсатында ветеринариялық сертификаттар келісілді. Өзара сауда көлемін кеңейту үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт және сүт өнімдеріне, құс етіне және құс өнімдеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырады.

Айдарбек Сапаров Қазақстан Әзірбайжан нарығына күнбағыс майын, кондитерлік өнімдерді, шоколад, сары май, балмұздақ, ет және ет өнімдерін және басқа да өнімдерді жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның экспорттық транзитін қосымша 75 млн доллардан астам сомаға кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан өз тарапынан көрші мемлекеттен жаңа піскен жемістер, ерте піскен көкөністер мен жаңғақтарды жеткізуге ынталы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тауар айналымын арттырумен қатар, ауыл шаруашылығы саласында белсенді инвестициялық ынтымақтастық орнатуға ниетті. Министр Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының әлеуеті зор екенін атап өтіп, әзірбайжандық серіктестерді агроөнеркәсіптік сектордағы инвестициялық мүмкіндіктерге назар аударуға шақырды. Ведомства басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл – астықты терең өңдеу, майлы дақылдарды, картопты, қант қызылшасын, жемістер мен көкөністерді, ет пен сүтті қайта өңдеу, сондай-ақ балалар тағамдарын өндіру.

Сөз соңында Айдарбек Сапаров Мажнун Ғадир оғлы Мамедов мырзаны 19-21 наурыз аралығында Тараз қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің отырысына және Түркі агробизнес форумына шақырды. Министрдің сөзінше бұл шара ауыл шаруашылығы саласындағы Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

  • 14.03.2024
  • 244
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика