• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еңбек министрлігінің басшысы Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір халқымен кездесу өткізді, онда Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласындағы тапсырмаларын іске асыру және қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы хабарлады. 

Іс-шараға облыстық басқармалардың, қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, медициналық-әлеуметтік мекемелердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар адамдар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 150 адамнан асты.

Сөз басында Еңбекмині басшысы 2023 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақтылы және толық көлемде орындалғанын хабарлады. Батыс Қазақстан облысында 192 мыңнан астам зейнетақы мен жәрдемақы алушыға 194 млрд теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы: ең төмен базалық зейнетақының мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 %-дан 60 %-ға дейін, ал 2024 жылы – 65%-ға дейін, ең жоғары мөлшері 100%-дан 105%-ға дейін ұлғайтылды; ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасы 46 %-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін артты.

2023 жылы: мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5 %-ға индекстелді, ал әлеуметтік кодекстің қабылдануымен кейбір жәрдемақылардың мөлшері қосымша 14,5 %-ға өсті; Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтіміне байланысты  жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі бір жастан бір жарым жасқа дейін ұзартылды; Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен «Алтын алқа» алқасымен,  I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған, «Батыр ана» атағын алған аналарға жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылды.

Балалы отбасыларды қолдауға ерекше назар аударылды. Осы мақсаттарға өткен жылы республикалық бюджеттен шамамен 1,3 трлн теңге қарастырылды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша:

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 10 млрд теңгеден астам сомаға 9 мыңнан астам адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны шамамен 2 млрд теңге сомасына 12 мыңнан астам адам алды;

- республикалық бюджет қаражатынан жұмыс істемейтін әйелдерге берілетін бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақыны шамамен 1 млрд теңге сомаға 3 мыңнан астам адам алды;

- жұмыс істейтін ата-аналарға бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді 9 млрд теңге сомасына 18 мыңнан астам адам алды;

- мүгедектігі бар баланы кәмелетке толғанға дейін тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін жәрдемақыны 2 млрд теңгеден астам сомаға 3 мыңнан астам адам алды.

- «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны 1,8 млрд теңге сомасына 6,6 мың адам алды;

- кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 9 млрд теңгеден астам сомаға 12 мыңнан астам отбасы алды.

Сондай-ақ, Министр атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындаудың жаңа тәсілдерін қарау туралы хабарлады.

«Батыс Қазақстан облысында 12 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек пен қолдау жүйелерін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен жаңа интеграцияларды пайдалана отырып, АӘК толық трансформацияланады.

Мұқтаж отбасыларға кешенді қолдау көрсетудің нақты регламенті әзірленетін болады. Оның құрамына АӘК, тұрғын үй көмегі, жалға берілетін тұрғын үйді жалдауды субсидиялау, жеңілдікпен жол жүру және т.б. кіреді. Көмек тек азық-түлік сатып алуға ғана емес, өмір сүру үшін қалыпты жағдай жасауға да берілетін болады», – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысы қойған негізгі міндеттердің бірі мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. БҚО-да өткен жылы 266 нысанды бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Биыл өңірде 244 әлеуметтік маңызы бар нысанды бейімдеу бойынша шаралар қабылдау қажет.

«Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы мақсатында кешенді шаралар қабылданды. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар іске асырылуда. 2023 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды. Әлеуметтік кодекс қабылданды, оған бірқатар қосымша әлеуметтік қолдау шаралары енгізілді: жөргектерді беру нормалары екі есе ұлғайды; «Спина бифида» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар жоғары сапалы катетерлермен қамтамасыз етіледі; ментальді бұзылуы бар балаларға арналған санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну бойынша пилот іске қосылды; 1-топ мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшілері үшін зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар аударылады», – деді Светлана Жақыпова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін әртүрлі өңірлерде ересектер мен балаларға арналған 12 оңалту орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Алғашқы оңалту орталықтары Семей және Тараз қалаларында ашылған. Биыл 3 қалада құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде, оның ішінде Орал қаласы да бар.

Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірнеше пилоттық жобалар іске асырылуда. Олар сырттай проактивті форматта мүгедектікті белгілеу; Астана және Алматы қалаларында такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметтерін көрсету; 6 өңірде сыйымдылығы шағын үйлерді енгізу; 4 өңірде мүгедектігі бар балаларға арналған техникалық оңалту құралдарын жеке таңдау.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова өңір тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді.

  • 14.03.2024
  • 247
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика