• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан итальяндық ШОБ қатысуымен кооперациялық жобаларға мүдделі

Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Италия Республикасының Сенаторы Д. Терци ди Сант'Агатамен 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Италия мемлекет басшыларының қол жеткізген келісімдерді іске асырылуын талқылады. Келіссөздердің негізгі бағыты «Road to Kazakhstan» жобасы арқылы елдер арасындағы сауда және мәдени ынтымақтастықты күшейту болды. Ол Италияның 30 қаласы арасында ел, мәдениет, ұлттық тағамдар, туристік мүмкіндіктер және т.б. туралы ақпаратты тасымалдайтын брендтелген жүк көліктерді пайдалануды көздейді.

Сенатормен талқыланған Қазақстанның елдік брендін ілгерілету идеясын жалғастыра отырып, министр Арман Шаққалиев Италияның бизнесті дамыту және қолдау институттарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Шетелдегі итальяндық сауда палаталары Қауымдастығының Бас хатшысы Доменико Мауриелло мырзамен Қазақстан нарығында итальяндық бизнесті интернационалдандыру туралы келісімге қол жеткізілді. Қауымдастық итальяндық ШОБ-тің кәсіпорындарын біріктіру және елімізде бірлескен жобаларды іске асыру бойынша флагман қалыптастыру үшін Қазақстанда өкілдік ашуға мүдделі. Қазақстанның сауда және интеграция министрі бұл бастаманы қолдап, Палатаның қызметі «Made in Kazakhstan with Italy» тұжырымдамасын орындауға бағытталуы және Үкіметаралық жұмыс тобының алаңында пысықталуы тиіс екенін атап өтті. QazTrade және Қауымдастық ШОБ бойынша дерекқорлармен алмасу және В2В байланыстарын орнату үшін компаниялардың жалпы тізілімін құру туралы меморандумға қол қоюға, сондай-ақ Бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеуге келісті.

Италиядағы ірі Unionservici Confapi шағын және орта кәсіпорындар конфедерациясының президенті Винченцо Элифанимен кездесу барысында министр Арман Шаққалиев іскерлік байланыстарды кеңейтудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Біздің конфедерациямен өзара іс-қимылымыз қазақстандық тауарларды итальяндық нарыққа шығару үшін маңызды құрал бола алады, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобалар үшін жаңа серіктестер іздеуге ықпал етеді», - деді Қазақстанның сауда және интеграция министрі және итальяндық бизнесті біздің елімізде экспортқа бағдарланған жобаларды дамытуға инвестиция салуға, бірлескен өндіріс ашуға шақырды.

Винченцо Элифани атап өткендей, егер бұрын итальяндық компаниялар елден тыс шығуға үлкен ықылас білдірмесе, қазір кәсіпкерлер шетелдік нарықтарға, оның ішінде Қазақстанға деген шынайы қызығушылығы бар. 116 мыңнан астам итальяндық ШОБ кәсіпорындарын біріктіретін ірі конфедерация басшысының айтуынша, «Made in Kazakhstan with Italy» жобасы Италия мен Қазақстанның шағын және орта бизнесі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыты болуы мүмкін. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар жақын арада екі елдің ШОБ кәсіпорындары қатысуымен бірлескен жобаларды анықтауға келісті.

AICR ірі итальяндық концерннің үйлестірушісі Ольга Гелучимен келіссөздерде барысында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев экспорттық әлеует пен ынтымақтастықтың маңызды мүмкіндіктері туралы айтты. AICR Орталық Азия мен Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы сауда-экономикалық және өнеркәсіптік қатынастарды дамытумен айналысады, еуропалық тауарларды Еуразия елдерінің нарықтарына экспорттауға ықпал ететін өндірушілер мен дистрибьюторларды біріктіреді. Арман Шаққалиевтің пікірінше, итальяндық концерннің мұндай қызметі «Made in Kazakhstan with Italy» тұжырымдамасын іске асыру және ілгерілету үшін пайдалы болуы мүмкін. Тараптар тоқыма және химия өнеркәсібін, азық-түлік өнімдерін және т.б. қоса алғанда, түрлі секторлардағы Қазақстан мен Италия компаниялары арасындағы ынтымақтастық  үшін 10 жобаны іріктеу мүмкіндігін талқылады.

Speri Kazakhstan компаниясының топ-менеджерлері Франческа Де Биаси және Лука Латинимен кездесуде Қазақстандағы перспективалық жобаларды жүзеге асыру туралы талқылады.

Speri итальяндық компаниясы коммуналдық құрылыста жобалау, кеңес беру және сапаны бақылау бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ инженерлік қызметтерді ұсынады. Қазақстанда Speri бірнеше жобаны іске асырды, қазір Азия Даму Банкінің қаржыландырудымен Қарағанды облысында аурухана құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын арада итальяндық компания Алматы қаласында өз кеңсесін ашады. Оның қызметкерлері толық циклді нысандарды жобалаумен, соның ішінде экологиялық мәселелерді шешумен айналысатын болады. Компания басшылығының айтуынша, өңірлік нарықта жұмыс істеу үшін олар Қазақстаннан жас мамандарды - жобалаушыларды, инженерлерді, дизайнерлер мен сәулетшілерді тартуды өздеп отыр.

Carmec srl компаниясының халықаралық менеджері Антонио Амбросио мырзамен сүт өңдеу және ірімшік өндіру бойынша ынтымақтастық жобаларының мәселелері талқыланды. Арман Шаққалиев айтуынша, Қазақстанда ірімшік өндірудің ең үлкен әлеуеті Алматы облысы, ШҚО, БҚО және СҚО. Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан Орталық Азия ХӨКО алаңында өндіріс ашуға зор мүмкіндіктер бар. Итальяндық тарап әлеуетті жобаларды зерттеуге және Қазақстанда жұмыс істейтін өндіріс орындарына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Министр сондай-ақ «SACE» агенттігінің басшысы Риччи ханыммен кездесті. Тараптар «Made in Kazakhstan with Italy» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған жобаларды қолдау мәселелерін талқылады.

Италиядағы қара бекіре уылдырығын ірі өндіруші AGRO ITTICA LOMBARDA SPA компаниясымен кездесуде тараптар бірлескен жобаларды іске асыру бойынша идеялармен алмасты. Атап айтқанда, компанияның бас директоры Карла Сора Қазақстанда уылдырық өндірісін іске қосуды, кейіннен Таяу Шығыс елдеріне экспорттауды қарастыруды ұсынды.

Қазақстан өз тарапынан итальяндық бизнеске еліміздегі уылдырық өндірісінің әлеуеті бойынша аналитикалық мәліметтер беруге, сондай-ақ ірі отандық уылдырық өндірушілермен кездесулерді ұйымдастыруға көмектесуге дайын. Компания ұсынған стандарттар мен олардың тәжірибесі біздің өндірушілерге ЕО нарығын ашуға көмектеседі.

  • 14.03.2024
  • 243
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика