• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Жамбыл облысында жұмыс сапарымен болып, облыс басшылығымен, мемлекеттік қызметшілер және облыс жастарымен кездесулер өткізді.

Облыс активімен кездесуде Дархан Медеғалиұлы қазіргі уақытта мемлекеттік қызмет саласында «Әділетті Қазақстан» қағидаттарына сай келетін жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Агенттік төрағасы сервистік мемлекеттік аппаратты және жеке сектордан мамандарды тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру шаралары ашықтық, әділдік және меритократия қағидаттарын ілгерілетуге бағытталғанын айтты. Кездесу барысында өңірде мемлекеттік қызметке кәсіби мамандарды тартудың заңнамалық тетіктері мен тәсілдері талқыланды.

Дархан Жазықбай өткен жылы «е-Qyzmet» жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіліп, сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленгенін және конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралғанын айтты. Биыл жаңа жүйеге 22 мемлекеттік орган қосылып отыр. Жамбыл облысы бұл жүйеге келесі жылы қосылады деп жоспарлануда.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өткен  жастармен кездесуде МҚІА төрағасы жастар үшін мемлекеттік қызметке орналасудың жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып, жоғары оқу орындарының үздік түлектерін аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстан тыс тікелей тағайындауға қатысты Агенттіктің жаңа шешімі жайлы баяндады. Сондай-ақ ол өңірлер үшін жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған Өңірлік кадр резервтеріне іріктеудің басталғаны және оның негізгі талаптары жайлы айтты. Еліміздің барлық өңірлерінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектептері» ашылғанын айта келе, жастарды осы мектептің жұмысына белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу аясында Агенттік төрағасы Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің қатысушыларына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жобаларды іске асыруға белсенді қатысқан тұлғаларға алғыс хаттар табыстады.

Сапар барысында Агенттік төрағасы жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызмет алушылардың заңды құқықтарын сақтау, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды.

Сондай-ақ Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті және Мемлекеттік басқару академиясы филиалының қызметкерлерімен сала бойынша өңірде атқарылатын жұмыстар тақырыбында кездесу өткізді.

Жұмыс сапарының соңында Дархан Жазықбай «Jambyl» телеарнасына арнайы барып, елімізде мемлекеттік қызметті дамытуға қатысты Агенттіктің атқарып жатқан жұмыстары жайлы сұхбат берді.

  • 19.03.2024
  • 277
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика