• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Арменияға жұмыс сапарымен келді

Ереван, 2024 жылғы 18 наурыз – Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен келіссөздер жүргізді.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

«Армения – Қазақстан үшін жақын мемлекет және уақыт сынынан өткен сенімді серіктес. Қазіргі кезеңде Достық пен ынтымақтастық туралы шарт қазақ-армян қарым-қатынастарын кеңейту мен тереңдетудің берік негізін қалады, біз биыл оның 25 жылдығын тойлағалы отырмыз. Біздің ортақ тұстарымыз көп және біз екі ел халықтарының әл-ауқаты мен өркендеуі үшін ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін күш салуға дайынбыз», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

Достық, сыйластық және әріптестік негізінде мемлекетаралық іс-қимылды одан әрі тереңдетуге өзара міндеттеме білдірілді. Аса жоғары және жоғары деңгейлерде саяси диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың оң нәтижелері байқалды, оның көлемі 23,1%-ға өсіп, 53 млн АҚШ долларына жетті. СІМ басшылары тауар айналымының қазіргі деңгейі қолда бар әлеуетке сәйкес келмейтіндігімен келісті, осыған байланысты жаңа мүмкіндіктерді айқындау үшін ортақ күш салуға және бірлескен шешімдер қабылдауға келісті.

«Бізде 25 жылдық серіктестікті қорытындылауға және екі елдің игілігі үшін қарым-қатынастарымыздың жаңа бетін ашуға жақсы мүмкіндік бар. Әрине, біз өзара іс-қимылымыздың негізін кеңейтіп жатырмыз. Саяси диалогымыздың жоғары деңгейі біздің қарқынды дамып келе жатқан сауда-экономикалық қатынастарымызға қажетті алғышарттарды көрсетеді. Біз көлік және логистикалық байланыстарды дамытуға мүдделіміз», – деді министр А.Мирзоян.

Сұхбаттастар сондай-ақ екі елдің өндірістік және қаржылық ресурстарын біріктіру негізінде инвестициялық саладағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Жоғары технологиялар, цифрландыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізу салаларында, құрылыс саласындағы ынтымақтастық кооперация жолдарын белгіледі.

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға шағын және орта бизнестің қатысуын оң бағалап, Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 435 кәсіпорын, Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтіні аталып өтті.

Тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтті. Мәдениет, білім, ғылым салаларындағы ынтымақтастықты арттыру бойынша ұсыныстармен алмасты. Қазақстан мен Арменияда Мәдениет күндерін өзара ұйымдастыруға маңызды мән берілді.

Сыртқы істер министрлері келіссөздер қорытындыларына көңілі толатынын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді.

Келіссөздер нәтижесі бойынша Қазақстан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволары арасында 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

  • 20.03.2024
  • 221
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика