• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі шаруалардың түйіткілді мәселелерін талқылады

Айдарбек Сапаров жергілікті фермерлердітолғандырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Атап айтқанда, көктемгі егіс жұмыстарынажеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығытехникасын сатып алу кезінде тікелейнесиелендіру, сондай-ақ пияз  өнімдерін сатумәселелері туралы сөз болды.

Кездесу барысында министр ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінарттыруды қоса алғанда, фермерлерге ағымдағыжылға арналған жоспарлары туралы айтты. Ведомство басшысы Жамбыл облысышаруаларының егіс науқанына жақсы дайындығынатап өтті. «Көктемгі дала жұмыстары үшінЭнергетика министрлігімен бірге шаруаларғалитріне 250 теңге бағамен 340,2 мың тонна көлемінде жеңілдікті дизель отынын бөлу бойыншажұмыс жүргізілді», - деп мәлімдеді АйдарбекСапаров. Ол сондай-ақ «Кең-дала» бағдарламасыбойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға биыл140 млрд теңге бағытталғанын атап өтті. Өтінімдерді қабылдау 19 қаңтарда басталды.

Өз кезегінде шаруалар министрден егісжұмыстарын жеңілдетілген несиелеуге қосымшақаражат бөлу жайында сұрады. Айдарбек Сапаров қазіргі уақытта қаржыландыру көздерін пысықтаужүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сондай-ақ, облысфермерлері ауыл шаруашылығы техникасын сатыпалу кезінде "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-да АШТӨ-ге тікелей несие беру мүмкіндігінқарастыруды ұсынды. Бұған: "Қазіргі уақытта қаржы институттары үшін сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялаудың негізгі тәсілдері әзірленді, олар Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қарауына жіберілді. Бұл мәселе субсидиялау процесіне мүдделі қатысушылардың ұстанымдарын ескере отырып, одан әрі талқыланатын болады" – деп жауап берді министр.

Өңір фермерлері өткен жылы жиналған пияз мәселесі туралы сұрақтар қойды, өйткені артығымен жиналған өнім салдарынан оны сатуда қиындықтар туындап отыр. Министр қазіргі уақытта мемлекеттік органдармен бірлесіп қалыптасқан жағдайды шешу үшін, оның ішінде тұрақты қорларға пияз сатып алу және тауарды сыртқы нарықтарға сату бойынша барлық қажеттішаралар қабылданып жатқанын жеткізді.

Облыс шаруаларымен кездесуден кейін Айдарбек Сапаров «ӘКК-Жалғызтөбе» ӘКК, «Бурненская молочная компания» ЖШС, «Аса-Даму» ЖШС, «Біржанов Марат» ЖК секілдібірқатар кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Министр мұндай кәсіпорындардың халықты сапалы отандықөнімдермен қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Сапар соңында министр "Алель Агро" АҚ-на барды. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 54 мың тонна құрама жем шығаруға арналған. Зауыт тек Жамбыл облысының шаруалары үшін ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріне де өнім сатады.

Өңірдегі іс-сапарын қорытындылаған министр Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасының маңыздылығын атап өтті. Айдарбек Сапаров аймақтар Ауыл шаруашылығы министрлігінен егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша нұсқауларалғанын еске салды. Сала үшін монокультурадан алшақтау, ауыспалы егісті сақтау және ылғалды көп қажет ететін дақылдар өндірісін қысқарту қазіргі уақыт талабы. Сонымен қатар басым маржиналдық дақылдар өндірісін ұлғайту қажет.

  • 20.03.2024
  • 265
Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика