• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Арман Шакқалиев Сычуанда Қазақстанның экспорттық әлеуетімен таныстырды

Қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Сычуань провинциясының Чэнду қ. өткен 110-шы қытайлық сусындар мен өнімдер көрмесінде ұсынды. Жүзден астам кәсіпкер мен 40 компаниядан тұратын делегацияны ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастап барды.

Сычуань провинциясына сапар қазақстандық өндірушілер үшін жаңа өткізу нарықтарын іздеуге, олардың экспорттық әлеуетін таныстыруға, келісімдерге қол қоюға және инвестициялар тартуға бағытталған.

Жұмыс сапары барысында министр Арман Шаққалиев «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберінде жобаларды іске асыратын Қытайдың үш ірі холдингінің менеджерлерімен кездесті. Сауда министрлігінің басшысы Jiangsu SOHO Holdings Group Co., Ltd. (SOHO)  басшылығымен келіссөздер жүргізді. Нысан - 380-ден астам кәсіпорыннан жасақталған ірі кәсіпкерлік топ, олардың бірі Цзянсу-Орталық Еуропа теміржолының жұмысын үйлестіреді, Еуропа мен Азияның 26 елін қамтитын 24 теміржол желісінің үздіксіз жеткізілімін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар Арман Шаққалиев China Co-op компаниясына барды. Бұл Сычуань облыстық жабдықтау және өткізу кооперативтік жүйесі, оған округтер деңгейіндегі 180 облыстық бірлестік және 3930 базалық бірлестік кіреді. China Co-op - Үкімет пен шаруаларды арасындағы байланысты атқаратын және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған ұйым.

«China Co-op - кооперативті жабдықтау және сату жүйесінің сәтті мысалы. China Co-op тәжірибесі мен мүмкіндіктерін, агротехнологияларын біз өсірілген ауыл шаруашылығы өнімінің сапа бойынша барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстанның нақты өңірінде пайдалана аламыз. Сіздердің кооперативтік ұйым жүйесі қытайлық тұтынушы үшін қазақстандық өнімді ілгерілетуге жақсы мүмкіндік болар еді. Сондай-ақ, Ресейден Таяу Шығысқа, Пәкістанға және Ауғанстанға дейінгі аймақтық деңгейде экспорт перспективасы бар. Біздің министрлік тарапынан біз барынша қолдау көрсетеміз және ынтымақтастық нұсқаларын қарастыруға дайынбыз», - деді кездесу барысында Арман Шаққалиев.

Қазақстанның өзен порттарын дамытуға инвестициялар және логистика мәселелерін ҚР Сауда және интеграция министрі 119-дан астам кәсіпорынды басқаратын Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., LTD. (SPSI) ірі мемлекеттік компаниясымен талқылады. SPSI жаһандық логистикалық және сауда платформасын құра отырып, Сычуань провинциясындағы "белдеу және жол" бастамасын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады. Кездесу барысында компания Орталық Азияға кіруді жеделдету үшін қазақстандық жобаларға инвестиция салуға дайын екендігін білдірді.

«2023 жылы біздің елдеріміз арасындағы теміржол көлігі бойынша жүк айналымының көлемі өсіп, тарихи максимумға жетіп, 28,3 млн тоннаны құрады. Біз жүргізген талдау бойынша Сычуань бүгінде 41 миллиард доллардан астам импорттайды. Олардың ішінде Қазақстанда сатып алуға болатын тауарлар бар. Сізде кейбір компаниялармен келісімшарт бар. Бірақ бұл жұмысқа біз барлық қазақстандық экспорттаушыларды біріктіретін «Qaztrade» АҚ-мен бірлескен іс-қимыл арқылы жаңа серпін бере аламыз. «Qaztrade» пен бірге сіз жеткізушілердің тізбесін алдағы жылдарға жасақтай аласыз. Сіз үшін бұл үлкен көлемде кепілдендірілген жеткізілімдермен жүйелі жұмыс болады. Сонымен қатар, Сычуань провинциясында біздің өкіл үнемі болады. Бұл біздің ынтымақтастығымызды өзара ұйымдастыру кезінде қоятын сұраныстар мен нақты міндеттерге жедел жауап беруге көмектеседі. Жеткізу тізбегі бар көліктік-логистикалық бағыттағы тәжірибеңіз бізге де өте пайдалы. Порт инфрақұрылымын, атап айтқанда өзен инфрақұрылымын басқару тәжірибесін зерттеу әсіресе қызықты. Бүгінде Қазақстанда үлкен су айдыны-Ертіс бассейні қалыптасуда. Бұл өзен жүйесі Ресей, Қазақстан және Қытайды байланыстырады. Сіздің осы өзен инфрақұрылымына салған инвестицияларыңыз Қазақстаннан СУАР-ға жеткізудің қосымша бағытын ашуға мүмкіндік береді», - деді Арман Шаққалиев кездесу барысында.

Өз кезегінде Қытай тарапы Қазақстанның сауда және интеграция министрінің Сычуань провинциясына сапары экономикалық және сауда қатынастарын нығайту мен дамытудағы үлкен серпін берітінін, сондай-ақ айтылған барлық ұсыныстарды қарауға дайын екенін атап өтті.

  • 20.03.2024
  • 278
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика