• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Қытай бизнесмендері сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Астанада QazTrade және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай - Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша экспорттаушылардың екінші форум-конференциясы өтті.

Іс-шараға Сычуань және Хубэй провинцияларының іскер топтарының өкілдері, оның ішінде 200-ге жуық кәсіпкер, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың басшылары, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларының өкілдері қатысты.

Экспорт мәселелері бойынша панельдік сессияны ашылу кезінде «QazTrade» АҚ Бас директоры Жеңіс Өсербай қазақстандық тауар өндірушілердің жоғары әлеуетін атап өтті. Қытай нарығының тауарларға деген қажеттілігі орасан зор және Қазақстан бұл сұраныстың бір бөлігін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жабуы мүмкін. Жыл сайын Қытай провинциялары біздің нарыққа көбірек қызығушылық танытуда, мұнысауда көлемі дәлелдеп отыр.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің сөзінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі тараптың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Қытайды Қазақстанның сауда серіктестері арасында бірінші орынға шығарды. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық $31,5 млрд-қа жетті.

«Қытаймен өзара іс-қимыл - әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі Қазақстан үшін тұрақты прогресс пен сауда-инвестициялық әлеуетті іске асырудың ұзақ мерзімді факторы. Өткен жылы біз Қытай нарығына еркін экспорттай алатын агроөнімдер тізбесін кеңейттік», - деп нақтылады Сауда және интеграция министрі.

Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар 135 тауар позициясы бойынша $1 млрд қаражат көлемінде Қытайға өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің кең ассортиментін жеткізуге қауқарлы.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтандыру қағидаты бойынша құрылуда.

​​«Біз Қытайдың ең ірі 3 провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясымен белсенді жұмысты бастадық. Бүгінде Қазақстан мен аталмыш провинция арасындағы сауда шамамен $230 млн құрайды, оның ішінде Қазақстан $45 млн-ға өнім экспорттайды», - деп деректермен бөлісті Арман Шаққалиев.

​Ол сондай-ақ 40-тан астам қазақстандық компаниялардың қатысуымен Чэндудағы соңғы сауда миссиясы Қытай нарығына сұраныс пен отандық тауарлар үшін экспорттық мүмкіндіктердің ауқымын көрсеткенін атап өтті. Сычуань провинциясы май, астық өнімдері, сусындар, кондитерлік өнімдер мен басқа да тауарлардың ауқымды көлемін сатып алуға дайын. Жақын арада Qaztrade сауда өкілдігі Сычуань провинциясындағы қытайлық серіктестермен бірлесіп жұмыс істей бастайды, онда экспорттық оператор қазақстандық кәсіпорындар мен Қытайдың ірі компаниялары арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

Форум аясында «QazTrade» АҚ мен Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі кеңесі (Сычуань кеңесі), сондай-ақ Hubei Enterprise International Cooperation of China қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Orbis Kazakstan компаниялар тобы Sichuan Kaiyi International Co., Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан басқа, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ және Jinmaisui Group Gangwei қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында өзара іс-қимыл туралы келісті.

Экспорттаушылар форумы шеңберінде B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті, оның нәтижелері бойынша Қазақстан мен Қытай бизнес өкілдері жалпы сомасы $164,5 млн тауарларды жеткізуге шарттар жасасты.

  • 28.03.2024
  • 201
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика