• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақ-кипрлық қатынастар тарихындағы жаңа дәуір

Астана, 2024 жылғы 25 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша қазақ-кипрлық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Министрлер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестірді», көпжақты құрылымдар шеңберіндегі тығыз өзара іс-қимылға және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растады.

М. Нұртілеу Қазақстан Кипрмен екіжақты қарым-қатынасқа үлкен мән беретінін және Никосияны Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Соңғы үш онжылдықта елдеріміз арасында барлық деңгейлерде ашық саяси диалог орнады, белсенді сауда және инвестициялық ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылды. Өзара құрмет пен сенімге негізделген Қазақстан мен Кипр арасындағы берік және тығыз достық біздің сыртқы саясатымызда ерекше орын алады», – деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысы.

Өз кезегінде, К. Комбос екіжақты қарым-қатынастардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Орталық Азиядағы Кипрдің маңызды серіктесі екеніне сендірді. Осыған байланысты министр Никосияда биыл Астанадағы Кипр Республикасының Елшілігін ашу туралы қабылданған шешім туралы хабарлады.

«Біз қарым-қатынасымыздың жаңа дәуірін ашудамыз», – деп атап өтті К. Комбос.

Тараптар сауда, туризм, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуетті атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша СІМ-де Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасының авиациялық органдары арасындағы әуе қатынасы туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Ресми сапар барысында Кипр СІМ басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевпен және ҚР Бас прокуроры Берік Асыловпен кездесулері жоспарланған.

Анықтама: ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2005 жылдан бастап 2023 жылғы III тоқсанға дейінгі кезеңде ҚР экономикасына Кипр инвестицияларының көлемі 4,1 млрд АҚШ долларын құрады (2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 268,4 млн). 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда Кипр капиталының қатысуымен 392 компания тіркелген (оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 328).

  • 29.03.2024
  • 171
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика