• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Орақов К.Н.
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қош келдің, Әз-Наурыз!

«МАЭК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көпұлтты ұжымы Наурыз мерекесін көтеріңкі көңіл күймен, бар сән-салтанатымен атап өтті. Таңда жұмысқа келген қызметкерлерді әріптестері үстіне бауырсақ пен шұбат қойылған ақ дастарханмен қарсы алды.

Мерекеден мерекеге ұласатын көктемнің алғашқы айы биыл қасиетті ораза айымен де тұспа-тұс келді. Аузы берік ағайынның алдына тағамға толы дастархан жаймас үшін биыл ұйымдастырушылар кәсіпорынның орталық алаңына екі үлкен киіз үй тігіп, ішіне шағын дастархандар жаюды жөн санады. Буы бұрқырап ет қайнап, палау пісіп жататын тайқазандар да көп емес. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айына деген құрмет.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мерекелік салтанат Ақпараттық-әдістемелік орталық залында басталды. Алдыменен сөз алған кәсіпорынның Бас директоры Қайрат Рахимов ұжым қызметкерлеріне «Наурыз жыл басы, жаңару айы. Ендеше, біздің кәсіпорынның да жаңарып, жаңғыра беруін тілеймін. Баршаңыздың ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын. Жаңа жыл жақсылығымен келсін!» деген ақ тілегін арнады.

Мереке қонағы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Әбдалиев қала тұрғындарын қажетті өмірлік ресурстармен үздіксіз қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, наурыз мерекесімен құттықтады.

Одан әрі комбинаттың өнерлі жастары сахна төрінде ән-жырдан шашу шашып, тыңдарманның көңілін көтерді. Мерекелік шара ұлттық киімдер байқауымен жалғасты. Сайысқа қатысушылардың көптігі сондай, әділқазыларға жеңімпаздарды таңдау оңай болмады. Даладағы сіркіреген жаңбырға қарамастан жігіттер арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу және қол күресінен жарысқа түсті.   

Мереке соңында барлық жеңімпаздар кәсіпорын басшылығы атынан Алғыс хаттар және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

  • 01.04.2024
  • 193
Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

Орақов К.Н.

Басқарма төрағасы – «МАЭК» ЖШС Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика