- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 7 адамның мәселелерін қарады.
Қазақстандықтар өндірістегі жазатайым оқиғаларға, жалақыны есептеуге, жұмыс іздеуге, санаторийлік-курорттық емделуге, зейнетке шығуға және қоғамдық бірлестіктердің жұмысына байланысты мәселелер бойынша жауап алу үшін министрге жүгінді.
Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.
- 03.04.2024
- 222