• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Банктер мен МҚҰ-ның су тасуынан зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсетуіне қатысты

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 12 өңірдегі су тасуынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы тапсырмасы шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп зардап шеккен азаматтарды, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруда.

Зардап шеккен қарыз алушыларға көмек көрсету шеңберінде банктер мен МҚҰ мынадай шараларды іске асырады:

  • жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасуынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға кредиттер бойынша төлемдер автоматты түрде 2024 жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығында 3 ай мерзімге кейінге қалдырылады;
  • зардап шеккен азаматтардың кредиттері бойынша су тасуы салдарының әсеріне байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді;
  • шаруашылық қызметтің бұзылуына әкеп соққан су тасуынан зардап шеккен барлық дара кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне олар берген өтінішті ескере отырып, кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілетін болады.

Банктер мен МҚҰ әрбір зардап шеккен қарыз алушыға мүлікке және жеке шаруашылыққа, қарыз алушылардың кірістері мен қаржылық жағдайына келтірілген залалдың әсерін бағалау үшін жеке талдау жүргізеді, оның негізінде кредиттер бойынша қосымша дербес қолдау көрсету шаралары айқындалатын болады.

Қарыз алушыларға көмек көрсету шаралары туралы зардап шеккен азаматтар мен кәсіпкерлерге хабарлау мақсатында әлеуметтік желілердегі кредиттік ұйымдардың ресми сайттары мен аккаунттарында тиісті өтініштерді берудің нақты алгоритмдері және кредиттерді қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі жариялануда.

Қарыз алушылармен өзара іс-қимыл процесін жеңілдету үшін банктер мен МҚҰ зардап шеккен қарыз алушылардың өтініштерді қашықтан беру сервисін іске асырады.

  • 04.04.2024
  • 242
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика