- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Нидерланд СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
Астана, 2024 жылғы 3 сәуір – Нидерланд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.
- 04.04.2024
- 272


