- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Қазақстанға Әзірбайжаннан қылмыстық топтың жетекшісі экстрадицияланды
Бас прокуратураның, Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Әзірбайжаннан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін азаматты экстрадициялады.
2016-2018 жылдар аралығында күдікті Қазақстанға халық тұтынатын тауарларды контрабандалық әкелумен айналысқан қылмыстық топты тікелей басқарды, сонымен қатар кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарған. Аталған қызметтің нәтижесінде мемлекетке 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірілді.
Қылмыс жасағаннан кейін ол тергеуден қашып, халықаралық іздеу жарияланды.
Кейінірек күдікті Әзірбайжан аумағында анықталды.
Әзірбайжан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының оны беру туралы өтінішін қанағаттандырды.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды.
- 11.04.2024
- 192