- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жақыпова ХЕҰ еңбекшілер қызметі жөніндегі директоры М.Х. Андремен кездесті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) еңбекшілер қызметі жөніндегі директоры Мария-Хелена Андремен кездесті. Диалог барысында тараптар еңбек саласындағы ынтымақтастықтың одан әрі бағыттарын талқылады.
Іс-шараға Еңбекмині мен ХЕҰ-ның басқа қызметкерлері, сондай-ақ ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева қатысты.
Светлана Жақыпова өз сөзінде ХЕҰ-мен ұзақ және жемісті ынтымақтастықты, оның ішінде міндеттемелері ел заңнамасына имплементацияланған 25 конвенцияны ратификациялауды еске салды.
Министр ХЕҰ-ның тағы да бірқатар конвенцияларын ратификациялауды көздейтін 2024-2026 жылдарға арналған бас келісім шеңберінде өткізілетін жұмыскерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді жасау жөніндегі жұмыс туралы; тау-кен секторындағы еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасын нығайту, еңбек инспекциясы, ұжымдық келіссөздер жүргізу, әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі стандарттары мәселелері бойынша; ХЕҰ стандарттарын және басқа да бағыттарды қолдануды ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша хабардар етті.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беретін және еліміздің жұмыспен қамту және халықты лайықты еңбекпен қамтамасыз ету саласындағы алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін «Лайықты еңбек» бағдарламасы бойынша өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
- 11.04.2024
- 186