• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Беларусь Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері туралы

Минск, 2024 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Минскке жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен келіссөздер жүргізді.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысының 2023 жылғы маусымда Минскіге ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қаралды.

«Сіздің еліңіз Қазақстанның маңызды, уақытпен тексерілген стратегиялық серіктесі және біздің елдеріміз арасында тығыз жан-жақты байланыстар орнатылған. Біз достас Беларусьтің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз және тұрақты және үдемелі дамуына мүдделіміз», - деп мәлімдеді М.Нұртлеу.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Машина жасау, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру барысы қаралды.

«Біздің елдеріміз арасында белсенді көп деңгейлі сенімді диалог сақталып, дәйекті түрде жаңа мазмұнмен толтырылып тұрады», - деді С.Алейник.

Министрлер халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер желісі бойынша «сағаттарын теңестерді». БҰҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, ТМД және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберінде одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар, жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

  • 17.04.2024
  • 198
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика