• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы және Әлеуметтік қызметтер порталы ХӘҚҚ грамоталарымен марапатталды

Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрлық шешімдерді Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ХӘҚҚ) жоғары бағалады. ХӘҚҚ құрмет грамоталарына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3 жобасы ие болды: «Отбасының цифрлық картасы», «Электрондық еңбек биржасы» және «Әлеуметтік қызметтер порталы».

Озық тәжірибе мен инновация үшін ХӘҚҚ сыйлығы бойынша  сайыс нәтижелері Португалияның Порту қаласында өткен Еуропалық аймақтық әлеуметтік қамсыздандыру форумында жария етілді. Конкурсқа қатысуға 26 елден барлығы 119 өтінім түсті.

Марапаттарға түсініктеме бере отырып, тәуелсіз халықаралық қазылар алқасының мүшелері Қазақстандағы халыққа проактивті форматта көмек көрсетуге бағытталған «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын жоғары бағалағанын, сондай-ақ елдің әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру үшін «Электрондық еңбек биржасы» және «Әлеуметтік қызметтер порталы» жобаларының маңыздылығы мен инклюзивтілігін атап өтті.

Құрмет грамотасын беру сонымен қатар жобаны әлеуметтік қамсыздандырудың озық тәжірибелері бойынша ХӘҚҚ дерекқорына қосуды білдіреді.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың ақпан айында Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК) Біріккен Араб Әмірліктері ұйымдастырған беделді GovTech Prize 2024 салтанатында «Инклюзивті цифрлық трансформация» санатындағы үздік жоба болып танылды. Бұл байқау бүкіл әлемнің үздік инновациялық және шығармашылық шешімдері мен жетістіктерін тануға бағытталған.

ОЦК енгізудің нәтижесінде 2023 жылы 844 мыңға жуық адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS хабарлама жолданды. Бұл ретте 333 мыңнан астам адам, оның ішінде биыл 75 мыңнан астам адам өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды. Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді.

Электрондық еңбек биржасы (Enbek.kz) жұмыс іздеуге және персоналды іріктеуге жәрдемдесуге мүмкіндік беретін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Мұнда жыл сайын 800 мың бос жұмыс орны, 700 мың түйіндеме жарияланады және 400 мыңнан астам жұмысқа орналасады.

Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Портал арқылы қазірдің өзінде 1,4 млн қызмет көрсетілді, оның ішінде оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), ымдау тілі, жеке көмекші және санаторийлік-курорттық емдеу қызметтерін ұсыну бар. Порталда 893 арнаулы қызмет көрсету орталығы; 692 ОТҚ жеткізушісі, 29 мыңға жуық жеке көмекші, 739 ымдау тілі және 120 санаторийлік-курорттық емдеу қызметі тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, ХӘҚҚ – әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің, үкіметтік департаменттер мен агенттіктердің жетекші халықаралық ұйымы. Ол 1927 жылы Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен құрылды. ХӘҚҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, кеңес береді және өз мүшелеріне бүкіл әлемде динамикалық әлеуметтік қамсыздандыру мен оның саясатын қалыптастыру үшін платформа ұсынады. ХӘҚҚ -да 160 елде 310 мүшелік ұйым бар. Қазақстан 2012 жылы ХӘҚҚ мүшесі болды. 2016 жылы еліміз алғаш рет ХӘҚҚ техникалық комиссиясының құрамына кірді. 

  • 18.04.2024
  • 210
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика