• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Светлана Жақыпова Қостанай облысындағы әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысты

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік мекемелердің жұмысымен танысты. Cондай-ақ Еңбекминінің басшысы Мансап орталығына және Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға медициналық жабдықтар өндіретін және оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ) жеткізетін «ФортунаМед» ЖШС-на барды.

Светлана Жақыпова Рудный қаласындағы №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен Отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барды. Отбасын қолдау орталығында өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін 6 айға дейінгі мерзімге тұру қызметтері, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мекеме 120 адамға дейін қабылдай алады.

Министр сондай-ақ Қостанайдағы аутизмі бар және басқа да ментальдық бұзушылығы бар балаларға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Мекеменің материалдық-техникалық базасы жеке қажеттіліктерді ескере отырып, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Орталықта сенсорлық интеграция залы, психологиялық жәрдем кабинеті, интерактивті/проективті кабинет, АВА-терапия кабинеттері, жұмсақ бөлме, керамика шеберханасы, арт-терапия кабинеті, музыкалық кабинет, ағаш ұстасы мен тігін шеберханалары, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және робототехника кабинеті, сондай-ақ ЛЕГО-конструкциялау кабинеті бар.

ЕХӘҚМ басшысы Қостанай қаласының мансап орталығында болып, азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұсыну және мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі жұмыстармен танысты.

Жұмыс сапарының соңында Светлана Жақыпова өндірістік қуаты 89 мың дана болатын «ФортунаМед» ЖШС зауытында болып, медициналық жабдықтар мен ОТҚ өнімін көрді. Кәсіпорында орташа айлық жалақысы 300 мың теңгені құрайтын 55 адам жұмыс істейді. Зауыт кресло-арбалар, медициналық кереуеттер, гинекологиялық креслолар, рециркуляторлар, кушеткілер, жүріс арбаларын, тросттар, балдақтар және басқа да медициналық бұйымдар шығарады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбекминінің басшысы жұмыс сапары аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған Қостанай облыстық оңалту орталығына және өңірдің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары уақытша орналастырылған «Сосновый бор» шипажайына барған болатын.

  • 18.04.2024
  • 205
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика