- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
ҚМА қызметкерлері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Агенттік Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов Агенттіктің қызметі мен міндеттері туралы дәріс оқып, қаржылық пирамидаларға қарсы тұру туралы айтып, құмар ойынға тәуелділік, ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру, криптовалютаны заңсыз айырбастау мәселелеріне назар аударды.
Студенттер ҚМА-ға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Агенттік өкілдері заманауи технологияларды меңгерген түлектерді өз қатарына қабылдауға дайын екені айтылды.
Университет өкілдері түлектердің болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағдар алуы үшін мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті.
- 19.04.2024
- 184