- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігінде Төрағаның орынбасары Қайрат Бижанов пен ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевтың кездесуі өтті.
Отырыс барысында заманауи IT-құралдарын пайдалана отырып, қаржы пирамидаларына қарсы тұру, құмар ойынға тәуелділікпен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.
Алаяқтық жобалар мен заңсыз ойын бизнесі туралы белсенді ақпарат алмасуда тиімді ынтымақтастық атап өтілді.
Бұл ретте алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды. Кездесуге қатысушылар жоғарыда аталған бағыттар бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
- 24.04.2024
- 94