- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Ынтымақтастыққа қол қойылды
Ядролық физика институты мен Orhun Med Limited Қазақстанда ядролық медицина саласында сапалы медициналық көмекті бірлесіп дамытуға ниетті.
Ынтымақтастық туралы меморандумға Институттың бас директоры Саябек Сахиев пен Orhun Med Limited директорлар кеңесінің төрағасы Гоненч Дирик қол қойды. Осы келісім негізінде Институт пен Orhun Med бірлесіп ядролық медицина саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің заманауи материалдық-техникалық базасын құратын болады. Соның аясында жоспарлануда:
- Институт аумағында медициналық өндірістік кешен салу;
- радиофармпрепараттар өндірісін бірлесіп ұйымдастыруға арналған изотоптар мен синтез модульдерін жасау үшін циклотронды сатып алу және Институт базасында орнату.
- 29.04.2024
- 142