• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары 2020 жылы қалай қорғалды

Құрметті қазақстандықтар!

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің 2020 жылы бұзылуына жүргізілген мониторинг қорытындысын шығарды. Ұйғарымдар мен айыппұлдар банктерге, сақтандыру ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге және МҚҰ-ға қатысты болды, оларға 127,3 млн теңгеге айыппұл салынды.

Банктер

Банктер тарапынан болған негізгі бұзушылықтар клиенттердің қарыздары мен шоттарына қызмет көрсету, ішкі қағидалар мен рәсімдерді сақтамау мәселелеріне қатысты болды. Банктер кредиттік бюроларға клиенттің келісімінсіз мәліметтер берген және клиенттің келісімінсіз кредиттік есеп алған. ЕДБ жарнамада лицензиясының нөмірін және оны берген ұйымды көрсетпеген. Кейбір банктер жарнамасында кредит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетпеген. Банктерге қатысты қолданылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 38,8 млн теңге болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары

Сақтандырушының жәбірленушіге көлік құралына келтірілген зиянның мөлшері туралы есеп беру үшін белгіленген мерзімді бұзғаны үшін ұсынымдық қадағалап ден қою шаралары қолданылды. Сақтандырушылар жәбірленушіге көлік құралына келтірілген зиянның мөлшері туралы есеп бермеген, кейде зақымдалған көлік құралын тексерместен зиянның мөлшері туралы есеп жасаған. Кейбір жағдайларда зақымдалған көлік құралын суретке түсіру кезінде масштабты сызғыш қолданылмаған немесе калькуляция Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген. Сақтандыру төлемін жүзеге асырмағаны және уақтылы жүзеге асырмағаны, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау органына анық емес ақпарат бергені үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты шығарылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрады.

Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер және ломбардтар

Көбінесе микрокредит беру субъектілері тарапынан Хабарлау қағидаларының, Микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібінің талаптарын бұзуға және оның ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне жол берілген. Осындай компанияларға қатысты шығарылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 85,1 млн теңгені құрады.

2020 жылы Агенттік барлық банктік емес кредиттеу субъектілерін есептік тіркеуден өткізді. Сондай-ақ микроқаржыландыру субъектілерінің басшы қызметкерлері мен қатысушыларына қойылатын талаптар күшейтілді, ең аз  жарғылық және меншікті капиталдарға қойылатын талаптарды кезең-кезеңмен арттыру белгіленді. Кепіл ретінде қабылданған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, ломбардтарға қатысты олардың үй-жайларының қауіпсіздігі мен техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар белгіленді. Сонымен қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Бас прокуратурамен, қаржы және ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып 2020 жылғы сәуірден бастап тамыз аралығында ломбардтардың, онлайн-кредиттеу компанияларының және МҚҰ-ның қызметінде қаржы пирамидасы,  алаяқтық және заңсыз банктік қызмет белгілерінің болуы тұрғысынан тексеру жүргізді.

Микроқаржы ұйымдарының саны көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тексерулерді Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармалары жүргізді, олар қадағалау  және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, 1,3 мың субъектіні тексерді. Тексеру нәтижелері бойынша 86 млн теңгеге айыппұл салына отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 952 іс қозғалды, сондай-ақ жазбаша ұйғарымдар түрінде 152 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде микроқаржылық қызметті лицензиялау енгізілді. Лицензияны беруге қойылатын талаптар, лицензия беруден бас тарту, тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру негіздері белгіленді. Жосықсыз ұйымдардың қызметіне жол бермеу, нарықтың орнықтылығын қамтамасыз ету және тұтынушыларды қорғау үшін мінсіз іскерлік беделінің болуы, өтелмеген соттылығының және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының болмауын қоса алғанда, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ірі қатысушылары мен басшы қызметкерлеріне қойылатын күшейтілген талаптар енгізілді.

Коллекторлық агенттіктер

Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктер қарыздар бойынша берешекті өтеу есебінен төлемдер қабылдауға шектеу белгілеуге, сондай-ақ борышкерді берешектің мөлшеріне, сипаттамасына және негіздеріне қатысты жаңылыстыруға әкелетін жосықсыз әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті. Коллекторлар борышкермен өзара іс-қимыл жүргізу барысын белгілеуді аудио- немесе бейнетехника арқылы жиі жүзеге асырмаған және аудиожазба материалдарын борышкермен өзара іс-қимыл жүргізген күннен бастап алты ай бойы сақтауды қамтамасыз етпеген. Кейбір коллекторлық  агенттіктер орналасқан жерінің өзгергені туралы Агенттікті қажетті мерзімде хабардар етпеген. Коллекторлық агенттіктерге қатысты қолданылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады.

 

  • 09.02.2021
  • 340
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика