- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының жұмысы туралы
Қазақ тіліндегі сөйлесу клубының аясында 2024 жылғы сәуір айының соңында Клубтың кезекті отырысы өткізілді.
Есепке алу және жоспарлау басқармасы Бюджетті жоспарлау және сатып алу бөлімінің бас маманы Анастасия Вежновец «Агенттікте бюджеттік өтінімді жасау қағидалары» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында спикер бюджеттік өтінімді қалыптастыруға қажетті құжаттарды жасау тәртібі және оларды Агенттік бөлімшелерінің ұсыну талаптары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, бюджеттік өтінімді қалыптастыру барысында Агенттік бөлімшелерінің тығыз өзара іс-қимылы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Отырыс соңында спикер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
- 17.05.2024
- 173