- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
“Jiangsu Coastal Steel Group Co Ltd” ірі корпорациясының құрамына кіретін қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесу жүргізілді.
Компания елімізге жалпы сомасы 1,75 миллиард АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Шымкентте бес жыл ішінде үш кезеңде болат өндіретін металлургиялық зауыт салу жоспарлануда.
Кәсіпорын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әлемдегі ең озық технологияларды пайдаланады. Жылдық өндірістік қуаты 5 миллион тоннаны құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында 1000 жаңа жұмыс орны ашылады.
Қытайлық кәсіпкерлер бүгінде Шымкентте инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Зауыт іске қосылса, басқа да жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Жобаны Шымкентте жүзеге асыруға, қажетті инфрақұрылыммен қамтуға, сонымен қатар барлық кезеңдерінде әкімшілік қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізілді.
- 20.05.2024
- 145