• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаланың негізгі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездестім.

Қаланың негізгі құрылыс компанияларының өкілдерімен кездестім. Оларға нақты міндеттер жүктедім. Тиісті талаптар орындалмаған жағдайда, нысанда заңбұзушылықтар жойылғанға дейін жұмыс толығымен тоқтатылады.
✅Біріншіден. Осы жылдың маусым айынан бастап бірде-бір құрылыс компаниясы инженерлік желілер салынып жатқан немесе енді жобаланып жатқан учаскелерде жаңа нысандардың құрылысын бастай алмайды.
Осыған дейін оларға желілердің құрылысы қатар жүріп жатқан учаскелерге тұрғын үй кешенін салуға рұқсат етілген. Бірақ нысандардың құрылысын аяқтау мерзімі желілердің уақытымен сай келмегендіктен, бұл мәселе тұрғындарға қолайсыздық тудырды. Себебі, нысандарды уақытша желілерге қосу керек болды. Енді алдағы уақытта қажетті желілердің, яғни электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, нөсер, тұрмыстық кәріз және т.б. орнатылған учаскелерге ғана тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауға рұқсат беріледі.
✅Екіншіден. Қазір қалада 50-ге жуық нысанның құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүріп жатыр. Құрылыс компанияларына ескертулерді жою үшін уақыт беріледі. Егер жойылмаса, бұл нысандардың құрылысы тоқтатылады.
✅Үшіншіден. Көбіне құрылыс компанияларының өзі қоқыс полигондарының пайда болуына себеп болады. Олардың мердігерлері қосымша ақша табу үшін құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орынға апармайды, салдарынан рұқсат етілмеген полигондар пайда болады. Осылайша, олар өздері тұратын қаланың экологиясына зиян келтіретінін түсінбейді.
Осындай әрекеттері үшін құрылыс компанияларын жауапқа тартуды ары қарай жалғастырамыз. Бұл компаниялар айыппұл мен аумақты тазалаудан бөлек, әлеуметтік жауапкершілік ретінде өзге де рұқсат етілмеген полигондарды жояды. Мәселен, аудан әкімдіктері жыл басынан бері 15 стихиялық қоқыс үйіндісін жойып, 13 мың тоннаға жуық қоқыс шығарды.
✅Төртіншіден. Құрылыс нысандарында дөңгелек жуу пунктері, дыбыс өткізбейтін тосқауылдар, қауіпсіз қоршаулар және т.б. болуы керек. Осыған дейін абаттандыру және тазалық тәртібін бұзған 18 құрылыс компаниясы жауапқа тартылған болатын.
✅Бесіншіден. Құрылыс компаниялары тек өз пайдасын ғана емес, сатып алушыларының да ыңғайлылығын ойлауы керек. Сондай-ақ, өздері салған тұрғын үй кешенінің аумағын абаттандырып, көгалдандыруы қажет.

  • 20.05.2024
  • 196
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика