• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Астана, 2024 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс басталмас бұрын қатысушылар тікұшақ апаты салдарынан қаза болған Иран Президенті Ибрахим Раисиді, Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиянды және басқа да жоғары лауазымды тұлғаларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Делегациялар басшылары ағымдағы жылдың шілде айында Астана қаласында өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындық шеңберінде өзекті халықаралық және өңірлік мәселелердің кең ауқымы бойынша «сағаттарын теңестірді». Ұйымның жай-күйі мен даму келешегін қарастырып, оған қоса оның қызметін жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

ҚР СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстан Ұйымның барлық мемлекеттерімен ынтымақтастықтың жан-жақты бағыттарында өзара іс-қимыл жасау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«ШЫҰ көпсалалы өзара іс-қимылдың беделді және тиімді алаңы мәртебесіне ие болды. «Шанхай рухының» негізгі принциптері – тату көршілік, достық және өзара қолдау – Ұйымның айрықша белгісіне айналды. Қазақстан өз тарапынан ШЫҰ әлеуетін барынша арттыру үшін үздіксіз жұмыс істеп келеді. Төрағалығымыздың басымдықтарына сәйкес, біз тұрақты даму мен өркендеу жолында инклюзивті диалог пен ынтымақтастық құруға ұмтыламыз», – деп мәлімдеді М.Нұртілеу.

Қатысушылар ШЫҰ-ның өңірдегі көпжақты алаң ретіндегі маңызды рөлін және Ұйым кеңістігінде өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша оның қосқан үлесін бағалады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары ортақ күш-жігердің арқасында Астана декларациясының, «Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін әлемдік бірлік туралы» бастаманың жобаларын, ШЫҰ қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ Ұйымның ағымдағы жұмысы бойынша бірқатар басқа құжаттарды мақұлдады. Бұдан басқа, алдағы Саммитте Шанхай ынтымақтастық ұйымының беделін күшейтуге және одан әрі нығайтуға бағытталған 20-дан астам құжатты қабылдау жоспарланған.

Министрлер ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу үшін Беларусь міндеттемелері туралы меморандумның күшіне енуі жөнінде қажетті мемлекетішілік рәсімдердің сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

БҰҰ-мен және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен пікір алмасуды одан әрі арттыру, Ұйымның дәйекті дамуы мүддесінде бірлесіп жұмыс істеу қажеттілігі туралы ортақ түсіністік білдірілді.

  • 28.05.2024
  • 180
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика