• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Тәжікстан, Пәкістан және Беларусь сыртқы саяси ведомстволарының басшыларымен кездесті

Астана, 2024 жылғы 21 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Тәжікстан Республикасының, Пәкістан Ислам Республикасының, Беларусь Республикасының сыртқы саяси ведомстволарының басшылары –Сироджиддин Мухриддинмен, Мохаммад Исхак Дармен және Сергей Алейникпен екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында аталған елдермен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты мәселелер қаралды.

М.Нұртілеу Тәжікстан СІМ басшысымен кездесуде қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шараларға ерекше назар аударылды.

Пәкістан министрімен келіссөздер барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелердің кең ауқымы бойынша екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысын өткізуді қоса алғанда, әртүрлі деңгейдегі сапарлармен алмасу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігі аталып өтті.

Беларусь сыртқы саяси ведомствосының басшысымен кездесу барысында өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Беларусь қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді. Тараптар екі елдің тиімді ынтымақтастығын одан әрі дамытуға қолдау көрсету мақсатында барлық деңгейлерде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.

  • 28.05.2024
  • 180
Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика