• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бас прокуратура және Конституциялық Сот нормативтік қаулылардың іске асырылуын талқылады

Бүгін Бас прокуратурада Берік Асылов пен Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова мен Конституциялық Соттың судьяларымен және бейнеконференц байланыс арқылы облыс прокурорларымен кездесу өтті.

Кездесу Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мәселелерін қарауға арналды.

Прокуратура өзінің қадағалау функцияларын орындай отырып, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге белсенді ықпал етеді. Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызды элемент болып, оларды орындау еліміздің әрбір азаматының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі болып табылады.

Прокурорлар 15 мыңнан астам қылмыстық және 4,5 мың азаматтық істердің, сотталғандардың 3 мың шағымдары мен өтініштерінің, сондай-ақ сотқа дейінгі іс-жүргізуде бұлтартпау шараларын қолдану туралы 3,5 мың құжаттардың Конституциялық Соттың ұстанымдарына сәйкестігін тексерді.

Нәтижесінде 26 адамның құқықтары, оның ішінде конституциялық бақылау органының талаптарын елемеген уәкілетті органдарға 13 қадағалау және ден қою актілерін енгізу арқылы қалпына келтірілді.

Мысалы, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында сомасы 20 млн. теңгеден астам азаматтардың зейнетақы құқықтары қалпына келтірілді.

Бір жағдайда, азамат Б. зейнетақысынан айырылғаннан кейін үш жарым жыл бойы әртүрлі мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларына сәтсіз жүгінген. Конституциялық Сотқа жүгінгеннен кейін оның зейнетақысы толығымен қалпына келтіріліп, оған 2 млн.теңгеден астам сомаға бұрын заңсыз ұсталған зейнетақы төлемдері аударылды.

Конституциялық Соттың қорытындыларына сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан мектеп директорларын әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді, өйткені олардың қызметі мүдделер қақтығысын тудырмады және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға бағытталмады.

Жиында азаматтардың құқықтарын нақты қорғаудың басқа да мысалдары айтылды.

Менің өтінішім бойынша Конституциялық Сот Конституцияның жеке меншікке қол сұғылмаушылыққа қатысты 25 және 26-баптарына ресми түсіндірме бергені атап өтілді.

Енді прокурорлар азаматтарды олардың келісімінсіз тұрғын үйден айыруға байланысты атқарушылық іс жүргізудегі шешімдерге санкция бермейді. Мұндай шешімдерді сот міндетті түрде қабылдауы керек.

Бұдан басқа бүгін Конституциялық Сот қадағалау органы басшысының екінші өтініші бойынша Конституцияның 83-бабына прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдірудегі конституциялық рөлі туралы түсіндірме берді.

Өтініш сотқа дейінгі тергеу сатысында прокурордың тергеу судьясының бірқатар шешімдеріне қатыспауына байланысты құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.

Сондай-ақ тараптар құқық қолдану саласындағы ағымдағы проблемалар туралы және оларды шешудің өзара қолайлы жолдарын әзірлей отырып пікір алмасты.

Барлық прокурорларға Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын күнделікті қызметте тікелей қолдануды қамтамасыз етуді тапсырдым.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова барлық мемлекеттік органдардың шешімдерін уақтылы және толық орындау қажеттілігіне назар аударып, конституциялық заңдылықтың қамтамасыз етілудегі прокуратураның ерекше рөлін атап өтті.

Кездесу соңында Конституциялық Сот пен Бас прокуратура Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін тығыз тәжірибелік өзара іс-қимылда жұмыс істеуді жалғастыратыны атап өтілді. Осы органдармен қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі «Әділетті Қазақстан» қағидаттарын нығайтуға елеулі үлесін қосуы тиіс.

  • 29.05.2024
  • 239
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

Асылов Б.Н.
(Мұрағат)

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика