- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Судағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырдым
Дәстүр бойынша 1 маусымнан бастап елде шомылу маусымы басталады. Демалыс уақыты кезінде әр азамат судың өте қауіпті екенін есте ұстауы керек. Өткен жылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері патрульдеу кезінде 220-дан астам адамды құтқарды.
Оқу жылының аяқталуына байланысты құтқарушылардың назары шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігіне аударылды. Министрлік бөлімшелерімен кеңес барысында ведомство басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
«Өткен шомылу кезеңінде 177 адам оның ішінде 53 бала суға батып кетті (2022 ж. – 184 адам/62 бала). Олардың ішінде, естеріңізде болса, Түркістан облысында резонанс тудырған 11 адамның топтық өлімі бар. Осыған байланысты министрліктің бөлімшелері су айдындарында азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін және оқыс оқиғаларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ, шомылу және жаппай демалу үшін бұрын рұқсат етілген барлық орындардың қауіпсіздігін тексеруді тапсырамын. Белгіленген талаптарды сақтай отырып, шомылуға және жаппай демалуға рұқсат етілген орындарды ұлғайту бойынша әкімдіктермен жұмыс істеу қажет», - деп ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов айтты.
Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, су айдындарындағы қолайсыз оқиғалардың саны «Қауіпсіздік мәдениеті» деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан ТЖ министрі халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді және шомылуға тыйым салынған жерлерді нақты белгілеуді тапсырды. Шомылуға арналған барлық қауіпті учаскелерде тыйым салу белгілерін орнату, мобильді посттар ұйымдастыру және күнделікті рейдтер жүргізу қажет.
Сондай-ақ, ведомство басшысы өңірлердегі ТЖД Жедел-құтқару жасақтарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге ерекше назар аударылатынын атап өтті.
- 29.05.2024
- 174