• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сауда министрлігінде экспортты дамыту жоспарлары туралы айтылды

8 ақпанда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқасы онлайн режимде өткізілді.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың алқа мәжілісінде экспортты дамыту және шетелдік нарыққа ілгерілету жөніндегі жоспарлар айтылды.

Бірінші. Министрлік экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау шараларын көрсетуді жалғастырады.

Биыл 10 сауда-экономикалық миссия мен 2 халықаралық көрме (Шанхай (ҚХР), Expo Dubai (БАӘ) ұйымдастыру жоспарлануда, оның қорытындысы бойынша 100 млн АҚШ доллары сомасына 80 экспорттық келісімшартқа қол қою күтілуде.

130 жаңа экспорттаушы "Экспорттық акселерация" бағдарламасы шеңберінде сыртқы нарықтарға шығарылатын болады. Бұдан басқа, Alibaba халықаралық электрондық алаңына 50 экспорттаушы шығарылатын болады.

Сондай-ақ, KazakhExport құралдары шеңберінде 24,1 млрд.теңге сомасына экспорттық саудалық қаржыландыру және 5 млрд теңгеге экспорт алдындағы қаржыландыру ұсынылғаны туралы хабарлады, ал экспорттаушыларға сақтандыру қолдауын көрсетуге 200 млрд. теңгеге жуық сома жоспарланған.

Өнімді ілгерілету және тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты. Қайрат Төребаев отандық экспорттаушыларды қосылған құны жоғары тауарлар өндірісіне ынталандыру үшін қосылған құны жоғары және жергілікті қамту үлесі бар тауарлардың шығындарын 80%-ке дейін өтеуді көздейтін түзетулер пакеті қабылданғанын атап өтті.

Сондай-ақ, шикізаттық емес өнімнің экспортын арттыру мақсатында Министрлік бизнеспен және салалық ведомстволармен бірлесіп, барынша экспорттық әлеуеті бар тауарлар мен қызметтердің экспортын жедел ілгерілету жөніндегі жобаны іске қосты.

Жүргізілген диагностика 2025 жылға қарай 16 тауарлар мен қызметтер позициясы бойынша 17,3 млрд. АҚШ доллары сомасына қосымша әлеуетті нақытауға мүмкіндік берді.

Екінші. Министрліктің міндеттерінің бірі жаңа "Өнеркәсіптік саясат туралы" ҚР Заңының шеңберінде көзделетін отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шетелдік сатып алушылардың саудалық қаржыландыру мөлшерлемесін субсидиялау тетігін әзірлеу болып табылады.

Сондай-ақ, Сауда министрлігінің жоспарында "Қазақстан Республикасының экспорттық-кредиттік агенттігі туралы" Заң жобасын әзірлеу бар, бұл ҚР АРРФР реттеуден шығуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, экспортқа бағдарланған кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын шоғырландыру есебінен экспорттық порталдың функционалын едәуір кеңейту және бірыңғай цифрлық терезе – Digital Export құру жоспарлануда.

Министрлік www.export.gov.kz бірыңғай экспорттық портал базасында мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша жұмысты дамытуды жалғастыруда.

Қазіргі уақытта экспорттаушылар осы портал арқылы Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысуға, шығындардың бір бөлігін өтеуге, сондай-ақ өзекті экспорттық аналитика алуға өтінімдер бере алады.

Бұдан басқа, елде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап Сауда министрлігінің базасында экспорттаушыларды қолдау бойынша дағдарысқа қарсы орталық жұмыс істей бастады, онда сыртқы нарықтарға тауарларды әкетумен туындайтын экспорттаушылардың проблемаларын жедел шешу үшін телеграмм-арна арқылы жедел желі ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда экспорттаушылардың шамамен 700 сұрау салулары өңделді.

 

 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің

Баспасөз қызметі
Тел.: 8(7172)74-98-94
www.mti.gov.kz
https://www.facebook.com/mtiqz/
https://web.telegram.org/#/im?p=@tradepolicyQZ

  • 10.02.2021
  • 231
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика