- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Прокуратура қызметкерлерінің қатарын 150 болашақ офицер толықтырды
Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратурада қызмет ету үшін алғашқы кәсіби даярлықтан өткен тыңдаушылардың кезекті түлектерін шығарып салу рәсімі өтті.
Түлектерді салтанатты жағдайда құттықтап, адамдардың тағдыры олардың шешімдеріне байланысты болатынын, жас заңгерлерді қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, кәсібилік пен еңбекқорлық танытуға шақырдым, өйткені заң үстемдігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстан құрудың басты шарты болып табылатындығын атап өттім.
Оқыту қорытындысы бойынша 150 болашақ прокурор курсты аяқтағаны туралы сертификат алды, олардың 10-ны оқудағы үздік нәтижелері үшін марапатталды.
Түлектер жақын арада прокурорлардың функцияларын толық орындауға кіріседі, себебі оларда әртүрлі қауіптер мен сын-қатерлерге жауап беруге мүмкіндік беретін заманауи білім бар. Алынған дағдылар елдегі заңдылықты, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын болады.
Прокуратураға кандидаттар үшін алғашқы кәсіптік даярлық институты Қазақстанда 2020 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде Академия қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналды.
- 20.06.2024
- 189