• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
ҚҚОА түлектері қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырды

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының 6-шы түлектер легіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Академия қаржылық мониторинг органдарында қызмет етуге арналған 40 маман дайындады.

Салтанатты рәсімге Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қатысып, оқу үздіктеріне Экономикалық тергеу қызметі лейтенанты атақтары мен үздік тыңдаушылардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.

Академия ректоры Марат Сексембаев үздік түлектерге оқудан өткені туралы сертификаттар табыс етті. Жақын арада олар тиісті лауазымдарға тағайындалады және өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кіріседі.

Айта кетейік, курс барысында Академия тыңдаушылары экономикалық қылмыстармен күресу үшін білім мен дағдыларды игеруге бағытталған тереңдетілген оқытудан өтті.

Соңғы 3 жылда Академия 240 тыңдаушыны дайындап, олар өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен орындап келеді.

Қаржылық мониторинг агенттігі әрбір талантты, перспективті, креативті ойы бар кандидат Құқық қорғау органдары академиясында оқығаннан кейін қаржылық мониторинг органдары қатарын толықтыра алатынын және елдің құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қоса алатынын еске салады.

 

  • 20.06.2024
  • 173
Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика