• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бас прокуратурада 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бас прокуратурада облыстар прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн қосылуымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Прокурорлар өздерінің қадағалау функцияларын орындау кезінде Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік аппарат үшін басты базалық бағдар ретінде көрсеткен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын қатаң ұстануға міндетті. Прокуратура органдарының заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі күш-жігері халықты толғандыратын проблемаларды шешуге бағытталуға тиіс.

Аталған кезеңде прокуратура органдары балаларды қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және ел басшылығының бақылауындағы басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша шаралар қабылдай отырып, тексерулер мен талдауларды аяқтады. Су тасқыны салдарын жою кезінде 

заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды, одан зардап шеккен тұрғандарға  баспана салу жұмыстарының барысын бақылауға алынды.

Еңбек қатынастары саласында прокуратура қабылдаған шаралармен  87 мың адамның құқығы қалпына келтірілді, 3 мың қызметкердің алдында 202 млн теңгеге жалақы бойынша берешек өндіріп алынды.

Мемлекет басшысының инвестициялар бойынша берілген тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокурорлар 32 трлн теңгеге 770 инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. 350 инвесторға көмек көрсетілді. Олардың экономикаға қосқан үлесі 6,4 трлн теңгені құрады. «Прокурорлық сүзгі» арқылы мемлекеттік органдардың 2300 материалы өтті (тексерулерді тағайындау туралы, әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы). Қарау нәтижелері бойынша келісуден бас тартылғаны: 31 - шектеулер бойынша, 71 - тексеру тағайындау бойынша, 170 - әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша.

Бүгінгі таңда 44 мың кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді. Оларға қатысты мемлекеттік органдардың алты мыңнан астам тыйым салу және шектеу шаралары жойылды (олардың басым көпшілігі мемлекеттік кірістер желісі бойынша – 6050).

Жалпы, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды.

Активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленді.

Криминогендік жағдай прокуратураның тұрақты бақылауында.

Жалпы, 8%- ке қылмыс төмендеді (61 422-ден 56 369-ға дейін). Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті.

Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды.

708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша  тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді.

Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді (сот қорғау құқығын іске асыру, заң алдындағы барлығының теңдігі, заң көмегінің қолжетімділігі жөнінде). Конституциялық Сот 2 жолданым бойынша түсіндіру берді.

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылы Кипрмен сотталғандарды беру туралы және Катармен құқықтық көмек көрсету және ұстап беру туралы халықаралық шарттарға қол қойылды. Олар Парламентте ратификациялануда. Басқа елдерден шетелде жасырынған 13 іздеуде жүрген адам экстрадицияланды.

Талқылау қорытындысы бойынша негізгі міндеттерді белгілеп, алдағы кезеңге нақты тапсырмалар бердім. Прокурорлар мемлекет басшысының азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, активтерді қайтару, әсіресе отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикаға, есірткіге, алаяқтыққа қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, азаптауларға  қарсы іс-қимыл және қадағалау қызметінің басқа да өзекті бағыттары бойынша тапсырмаларын орындауды жалғастырады.

  • 02.07.2024
  • 271
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

Асылов Б.Н.
(Мұрағат)

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика