• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте базарларды жаңғырту, энергиямен үздіксіз жабдықтау шаралары сондай-ақ бюджет және жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды ескертті.
Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті. Пәтер кезегінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті басқарма басшыларына баспанаға мұқтаж тұрғындардың мәліметін газет бетінде жариялауды ұйымдастыру тапсырылды.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абонеттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.
Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.

 

  • 02.07.2024
  • 238
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика