• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
С. Жақыпова ХЕҰ өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) өкілдерімен және жұмыс берушілермен кездесу өткізді. ЕХӘҚМ басшысы жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы цифрлық жүйелерді көрсетті.

Іс-шараға «PARYZ» ҚР Ұлттық Жұмыс берушілер Конфедерациясы Президумының төрағасы Жұмабек Жанықұлов, ХЕҰ халықаралық оқу орталығының (ITC ILO) өкілі Сандро Петтинео,  ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, сондай-ақ түрлі қазақстандық компаниялардың кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты өкілдері қатысты.

Алғы сөзінде Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қызметінің негізгі бағыттарының бірі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау болып табылатынын атап өтті.

Өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілді. Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді.

Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану деңгейін, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар санын азайтуға және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға ықпал ететін болады.

«Отбасының цифрлық картасына ұқсас Кәсіпорындардың цифрлық картасы жасалды, ол нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады. Олар үшін кәсіпорындар картасында жеке жұмыс орны құрылады.

Барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныш құралдарын және басқа кепілдіктерді ұсыну, барлық деңгейдегі еңбекті қорғау туралы білімді тексеру. Осы шараларды қабылдау нәтижесінде өндірістік жарақаттану көрсеткіштері төмендейді деп күтілуде», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Кездесу барысында Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қағидаттарын нақты көрсетті.

Атап айтқанда, іс-шараға қатысушылар жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасының функционалымен танысты.

Сонымен қатар, Бизнестің цифрлық картасы мен Отбасының цифрлық картасының мүмкіндіктері көрсетілді. Бірінші ақпараттық жүйе еңбек жағдайлары бойынша, оның ішінде жалақы деңгейі, еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер саны, өндірістік жарақаттану деңгейі және т. б. бойынша өзекті деректерді алуға мүмкіндік береді. Екіншісі – қазақстандық отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтауға және қажет болған жағдайда жедел түрде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

Министр сондай-ақ Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтер мен халықты жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктердің кең ауқымымен таныстырды. Бүгінгі күнде осы цифрлық платформаның көмегімен жұмыс берушілер өзіне қажетті кадрларды тапса, ал қазақстандықтар – жұмыс таба алады. Бұдан басқа, азаматтар жұмысынан айырылу бойынша төлемді ресімдеп, өз біліктілік деңгейін арттыра алады, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өте алады және өз ісін дамыту үшін гранттар мен микрокредиттер алуға өтінім бере алады. 

Кездесу соңында ЕХӘҚМ басшысы цифрлық технологияларды қолдану деректердің үлкен көлемін жүйелеуге, қажетті шешімдерді жедел қабылдауға, әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын едәуір қысқартуға, адами факторды барынша азайтуға, сапа мониторингі мен бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жұмыс сапары барысында Светлана Жақыпова Алматы облысының Қызыл Қайрат ауылында осы жылдың басында ашылған психоневрологиялық аурулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған «Ақ жол-М» оңалту орталығының жұмысымен танысады.

Сонымен қатар, Министр Алматы қаласында «Mugalim» қоғамдық бірлестігі ашқан 200 адамға арналған жаңа Студенттер үйіне және салынып жатқан NURORDA мектеп-лицейіне барады.

  • 09.07.2024
  • 183
Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика