• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қаржылық мониторинг агенттігінде Дмитрий Малаховтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды

Алқа отырысында есепті кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы жетілдіру және экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру бойынша жұмыс жүргізілгені атап өтілді.

Бюджеттік кредитті заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану, бухгалтерлік есеп, экономикалық контрабанда туралы заңнаманы бұзу және кедендік баждарды төлеуден жалтару сияқты экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыру арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуді қосымша ынталандыру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде.

Қаржылық мониторинг органдарының қызметі қылмыстық қудалау орбитасына адал бизнесті негізсіз тартуға жол бермеуге бағытталған.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде мемлекеттік органдардың бизнес қоғамдастықпен өзара іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған 36 ақпараттық жүйе енгізіліп, жаңғыртылды.

Бюджет қаражатын жұмсау мониторингі шеңберінде құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелеуі анықталды.

Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілді. 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды.

Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді.

Жаңа технологиялар саласында крипто құралдарын қылмыстық мақсатта пайдалану мониторингі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді. Тәуекелдерді секторлық бағалау жүргізілді және оларды азайту жөніндегі тиісті шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан виртуалды активтер бойынша ФАТФ тобына қосылды.

Агенттік Төрағасы қызметкерлерді жоғары лауазымдарға тағайындау кезінде кадрлық әлеуетті дамытудың және меритократия қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, Дмитрий Малахов көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласында бюджет қаражатын ұрлауды, контрабанданы, есірткі бизнесін және ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруды анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ адал бизнесті дамыту үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуді және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартудан қорғауды тапсырды.

  • 16.07.2024
  • 181
Элиманов Ж. Қ.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика