- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
ЖАПОНИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯМЕН ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ЖОСПАРЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ядролық физика институты Жапониядан келген Marubeni Utility Services және Ұлттық кванттық ғылым және технология институтының делегациясын қабылдады. Кездесудің мақсаты – Жапонияның 2023 қаржы жылындағы келісімшарт аясында жүргізілген термоядролық реактор бланкетінің қатты күйдегі материалынан газ шығаруды реакторішілік зерттеу бойынша бірлескен нәтижелерін талқылау және 2024 қаржы жылына міндеттерді жоспарлау. Сапар барысында термоядролық реактор бланкетінің перспективалық материалдарын зерттеу бойынша бірлескен зерттеулер тақырыптары талқыланып, жұмыстар ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін басталады деп жоспарланды. ССР-Қ реакторына экскурсия барысында жапон делегациясы жұмыстардың ағымдағы жағдайымен және ішкі реакторлық эксперименттерге арналған эксперименттік жабдықтардың дайындығымен танысты.Жапониялық қонақтар атқарылған жұмыстардың сапасын жоғары бағалады.
- 31.07.2024
- 121