- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейтті. Прокурорлар ағымдағы жылы халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады.
Біз а.ж. тамыз айында Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және жоғалған 2 адам танылды.
ЖИ камераларының көмегімен жас пен сырт келбеттің өзгеруіне қарамастан адамдарды тауып, іздеу шараларын күшейтуге болады.
Прокурорларға жүйені барлық өңірлерге енгізу тапсырылды. Қазір 9 мыңнан астам адам іздестірілуде, оның 2,2 мыңы қылмыскер және 2 мыңы хабарсыз жоғалғандар.
- 06.08.2024
- 78