- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Нақты секторды кредиттеу нарығындағы негізгі трендтер
Агенттік кредиттеу нарығындағы ахуал және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бизнесті кредиттеуді кеңейту жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынды.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында нақты секторды кредиттеудің жыл сайынғы өсімін 20% және одан жоғары деңгейде қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестікті арттыру үшін үш шетелдік банкті тарту жөніндегі қағидатты міндетті белгіледі.
Нақты секторға кредит беруді кеңейту мақсатында Агенттік Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп банктерді пруденциалдық ынталандыруға, қорландыру базасын әртараптандыруға, синдикатталған кредит беру мен қоса қаржыландыруды кеңейтуге, сондай-ақ тәуекелді бағалау рәсімдерін одан әрі цифрландыруға бағытталған шаралар кешенін қабылдады.
- 17.08.2024
- 117