• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Элиманов Ж. Қ.
ҚМА және ІІМ қылмыстық есірткі табыстарын заңдастыруға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруда.

Мемлекет басшысының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚМА мен ІІМ тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасап келеді.

Жұмыс топтары құрылып, орталық және өңірлік деңгейде апта сайынғы кездесулер өткізу арқылы ынтымақтастық орнатылды.

ҚМА бастамасы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың жұмыс кездесуі өтті, оның барысында жұмыстың басым бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл векторлары талқыланды.

Тараптар серіктестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді қаржылық мониторинг органдармен қатар ішкі істер органдарында да қылмыстық кірістерді жылыстату қаупі жоғары қылмыстарға қатысты параллельді қаржылық тергеу институты толыққанды қолданылатын болады. Бұл тергеудің неғұрлым тиімді әдістерін әзірлеуге және шынайы құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы есірткі бизнесі дәстүрлі қаржыландырудан криптовалюта саласына көшті, онда оларға заңсыз криптовалюта ұйымдары қолдау жасауда. Осыған байланысты, құжат қылмыстық кірістерді, есірткіні таратудың заңсыз тәсілдері мен схемаларын анықтау кезінде бірлескен жұмыс шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.

"Біздің қаржылық барлау бөлімшесі өткен жылдан бері "Telegram" әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет-арнаны анықтады. Олар бойынша ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді", - деп атап өтті Д.Малахов.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз кезегінде бұл кездесу тараптардың есірткі қылмыстарына қарсы тиімді іс-қимылға мүдделілігін тағы да атап өтті. Кездесу барысында қаржылық барлау крипто- және есірткі айналымын анықтаған кезде кірістерді жылыстатудың жоғары тәуекелімен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл және тарату арналарының жолын кесу бойынша ҚМА мүмкіндіктері таныстырылды.

  • 26.08.2024
  • 110
Элиманов Ж. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика