• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан және БҰҰ халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін растады

Астана, 2024 жылғы 28 тамыз – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астана қаласына жұмыс сапарымен келген БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілі Изуми Накамицумен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы жоғары деңгейдегі өзара әрекеттестік расталды. Сұхбаттастар ү.ж. 2 тамызда Женевада Қазақстан төрағалығымен өткен Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) Дайындық комитетінің нәтижелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар еліміздің 2025 жылғы наурызда Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт (ЯҚТСШ) шеңберіндегі төрағалығына дайындық мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапының бастамасымен ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру үшін Халықаралық траст қорын құру мәселесіне бөлек тоқталды.

БҰҰ өкілі Семей ядролық сынақ полигоны жабылған күніне орай 29 тамызда аталып өтілетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай бүкіл әлемде өтіп жатқан шараларға жоғары баға берді.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Халықаралық биоқауіпсіздік агенттігін (ХБҚА) құру туралы бастамасын жүзеге асыру және оны көпжақты алаңдарда одан әрі ілгерілету кездесудің күн тәртібіндегі маңызды мәселесі болды.

Кездесу қорытындысы бойынша жаһандық қарусыздану және таратпау және халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру уағдаластығы расталды.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары И. Накамицу Қазақстан және БҰҰ-ның Қарусыздану істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған Ядролық қарудан азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі конференцияға қатысу үшін Астанаға сапармен келді.

2024 жылғы 27-28 тамызда Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай ресми іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Қарусыздану істері жөніндегі басқармасымен бірлесіп екінші тақырыптық ядролық қарусыз азат аймақтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы конференция өткізуде. Мұндай алғашқы іс-шара 2019 жылы Астанада өтті.

Ү.ж. 29 тамызда ЯҚСТШ Үйлестіру комитетінің Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарты (ЯҚТСШ) шеңберіндегі төрағалығының дайындық аясында кезекті отырысы өтеді.

Жоғарыда аталған іс-шараларға дипломаттар, халықаралық және өңірлік ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерін қосқанда 60-тан астам қатысушы қатысуда.

  • 28.08.2024
  • 96
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика