• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мемлекеттік мүлікті басқару саласында прокурорлық тексеру нәтижелері туралы

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді.

Жекелеген жағдайларда мемлекеттік мүлікті сату заңға қайшы келетіні анықталды, сондықтан прокурорлар 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қоюларға бастамашылық жасады.

Олардың біреуін сот қанағаттандырды.

Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды.

Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды.

Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді.

 Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.

Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде.

Тексеру шеңберінде Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берді (Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша – Салғырттық).

Соңғысы мемлекетке 184 млн теңгеге залал келтіруге әкеп соққан мемлекеттік меншік объектісін иеліктен шығару кезінде немқұрайлылық танытқаны үшін  айыпталуда.

Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 7 ақпандағы мемлекеттік меншікті иеліктен шығару процестерін жетілдіру қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында және одан әрі бұзушылықтарды болдырмау үшін Бас прокуратура салалық Комитетпен бірлесіп осы саланы түбегейлі өзгерту жөніндегі тұжырымдамалық бастамаларды әзірлегенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, Үкімет бекіткен Жол картасы шеңберінде активтерді тікелей атаулы сатуды және мүлікті кейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беруді алып тастау, бағаны төмендету үшін жекешелендіру тетігін қайта қарау, сондай-ақ жекешелендірілетін объектілердің құнын есептеудің бірыңғай әдістемесін айқындау ұсынылды.

Бас прокуратураның бастамаларын іс жүзінде іске асыру жекешелендіру процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

  • 05.09.2024
  • 86
Асылов Б.Н.

ҚР Бас Прокуроры

Асылов Б.Н.
(Мұрағат)

ҚР Бас Прокуроры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика