• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2025 жылға дейін Алматы облысының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді

2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандары арқылы өтетін республикалық маңызға ие 145 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Учаскелердің бір бөлігін биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Алматы облысына іс-сапар аясында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев белгілі туристік орындарға, соның ішінде Шарын каньонына, Қайыңды және Көлсай көлдеріне, сондай-ақ, өңірдің шалғай аудандарына апаратын автомобиль жолдарын аралады. Сапар барысында Жалаңаш, Кеген және Нарынқол ауылдары арқылы өтетін жалпы ұзындығы 150 шақырымнан астам учаскелер қаралды.

Райымбек ауданындағы Текес және Нарынкөл ауылдары арасындағы 15 шақырымды құрайтын «Кеген – Нарынкөл» республикалық жол учаскесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына инспекция жүргізілді. Аталған жұмыстар Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыратын ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жоғарыда тілге тиек етілген учаскені биыл жыл соңына дейін ашу межеленген.

Жалпы, осы бағдарламаның шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында 145 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жоспарланған:

«Кеген - Нарынқол» жолы — 89 шақырым, «Көкпек - Жалаңаш» жолы — 21 шақырым, «Көкпек – Кеген – Түп» жолы — 35 шақырым.

Вице-министр Сәтжан Әйтенұлы туристік нысандар мен шалғайдағы елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсарту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін, сонымен қатар, экономикаға және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

  • 06.09.2024
  • 132
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика