• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Халық алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп бердім.

Карантиндік шектеулерді ескере отырып, кездесу онлайн режимінде өткізілді, сондай-ақ, аудандық әкімдіктерде мобильді топтар жұмыс істеді. Кездесу үш сағаттан астам уақытқа созылды, көптеген мәселе қамтылды. Оларды бақылауға алдық. Былтыр қалада не жасалғаны және 2021 жылға не жоспарлағаны туралы қысқаша айтсам.

Бірінші.
Көпшілікті тұрғын үй мәселесі толғандырады. 2018 жылы 1 100 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы – 2 900 пәтер берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр қолжетімді тұрғын үй саны бірнеше есе артып, 7 мыңнан астам пәтер берілді.

Биыл бұл санды 10 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, пәтерлер кезекте тұрған азаматтарға, Отбасы банкінің (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) салымшыларына берілмек. Тұрғын үй сертификатының мөлшері 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды, сертификат алушылар санаты кеңейді.

Сондай-ақ, апатты ескі үйлерді сүріп, жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерді жөндеп және т. б. жұмыстарды атқарып жатырмыз.

Екінші. Білім, медициналық көмек және т. б. алу үшін жағдай жасау маңызды.
Халық санының өсуін ескере отырып, мектептер салу қажет. Өткен жылы 11 мектеп салынып, пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Жаңа мектептер үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, оқу кестесіне жүктеме артылған мектептер санын 14-тен 8-ге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Биыл 15 мектеп саламыз. Қазір біз ірі мектептердің құрылысына көшудеміз. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе, 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.
Аудандарды орталықтандыру қағидаты бойынша дамытудамыз - қадамдық қолжетімдіктегі әлеуметтік нысандарды ашудамыз. 2020 жылы 29 "Үй маңындағы дәрігер" нысаны ашылды, жаңа үйлердің бірінші қабаттарын бизнеске емес, әлеуметтік нысандарға береміз. Онда балабақшалар, медициналық мекемелер, полиция пункттерін, оңалту орталықтарын ашамыз. Биыл әлеуметтік нысандар, соның ішінде - оңалту нысандар желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Себебі  мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын жақсартуға, оңалтуға жағдай жасау қажет.

Үшінші. Елді-мекендер.
Қаламызда 280 мың адам тұратын 16 елді-мекен бар. Қаланың әрбір төртінші тұрғыны елді-мекенде тұрып жатыр. Үркер елді-мекенінің тұрғындарымен кездесу кезінде, олар сол жағалауға қызыға қарайтындарын айтты. Біздің мақсатымыз – елді-мекендерді дамытып, жайлы ету. Өткен жылы елді-мекенде 2 мектеп салынды, тағы 2 оқу орны мен медициналық мекеменің, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жүргізіп жатырмыз. 100-ден астам көше асфальтталды, 40-тан астам қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттанды.

Елбасының жеке секторды газдандыру жөніндегі жобасын іске асырудамыз. 13,5 км инженерлік желілер, 5 шақырымнан астам кәріз және су құбыры, 3 шақырымнан астам нөсер кәрізі салынды.

Төртінші. Абаттандыру
Елордада иесіз қалған, батпақты жерлер айтарлықтай азайды. Олардың орындарында қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа көпшілік орындар пайда болды. Өткен жылы 76 гектардан астам жер абаттанды, бұл -  150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік. Абаттандыру кезінде негізгі назар қаланың ескі бөлігіне және елді-мекендерге аударылды.

Бесінші. Экология
Халық санының, автомобильдер санының, өндірістің өсуімен біз экологияны жақсартуға ерекше назар аударамыз. Бізге газдандыру, қаланы ауқымды көгалдандыру, электр автобустарын желіге шығару, ТҚҚ сұрыптау және т.б. көмектеседі. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал егуді  жалғастырамыз, сондай-ақ, көрікті жерлер мен мәдениет объектілеріне іргелес жатқан аумақтарда атал егуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, емен, сирень бақтарын өсіреміз. Елорданың әрбір ауданын көгалдандырамыз.

Өз ұсыныстарын жіберген, сұрақтар қойған азаматтарға алғысымды білдіремін. Бізге тұрғындардың пікірі маңызды. Елордамызды бірлесіп дамытайық.

  • 12.02.2021
  • 263
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика